Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚАРМАҚШЫ САЙЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚАРМАҚШЫ САЙЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІОблыстық сайлау комиссиясының өкілдері Қармақшы ауданында болып, саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ететін аудандағы әріптестеріне сайлау заңдылықтарын түсіндірді.
Саяси науқанның жоғары деңгейде өтуі, жергілікті комиссия мүшелерінің дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Осы ретте сайлауға жауапты тұлғалар Сайлау туралы заңды, атқаратын қызметтері мен негізгі міндеттерін жатқа білуі тиіс. Бұл бағытта Байқоңыр қаласын қосқанда 53 мыңнан астам сайлаушысы бар Қармақшы ауданында 52 сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. Сайлаудың жоғары деңгейінде өтуіне жауапты 348 комиссия мүшесі бар. Семинар барысында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, облыстық сот пен прокуратура, ішкі істер департаментінің қызметкерлері, және өңірлік оқыту орталығының мамандары лекция оқыды. Қармақшы ауданынан бүгінге дейін облыстық мәслихаттар депутаттығына 9, аудандық мәслихаттар депутаттығына 37 үміткер тіркелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: