Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Арал аудандық мәслихатының келісімімен Мұхтар Оразбаев Арал ауданының әкімі болып тағайындалды.
Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі болып бастаған.
1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі.
2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Арал аудан әкімінің орынбасары.