ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАЗИРА ЖЫЛҚЫШИЕВАНЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Жазира Жылқышиеваны жаңа қызметімен құттықтады,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылдың 8 қарашасындағы бұйрығына сәйкес, Жазира Жылқышиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп бойынша кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
- Жазира Жақсылыққызы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың өңірімізде жүзеге асырылуына елеулі үлес қосты,- деп аймақ басшысы Жылқышиеваға Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етті.