Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСТЫ

ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСТЫ

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылауға «Қоғамдық келісім» КММ директоры, тарих ғылымының кандидаты, ҚХА мүшесі У.Ибраев, «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі Г.Щербакова, түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Г.Гейдарова келіп қатысып, өз пікірлерін білдірді. 
– Жаңа дәуір қарсаңындағы Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Үндеуінде еліміз үшін аса маңызды мәселелер ұсынып отырғанын қадап айтты. Құнды құжатта саяси жүйені жаңартудың сабақтастығы жалғасын табады. Ол Отанымыздың, бейбіт қоғамның демократиялық тәуелсіз бағытын одан әрі тереңдете түседі. Елбасы саясатының арқасында Қазақстан 25 жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Оны бүгінде бүкіл әлем мойындады, - деп мәлімдеді У.Ибраев. 
Ал, Г.Щербакова өз сөзінде, Елбасының биылғы 25-ші қаңтардағы билік бөлінісіне байланысты айтылған ұсынысы мезгілінде білдірілген бастама. Біздің тәуелсіз ел атанып, бейбіт аспан астында халықтар достығын ту етіп, татулық, ынтымақтық, ауызбіршілік аясында өмір сүріп келе жатқанымызға ширек ғасырға жуық уақыт болды. Осы жылдар ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Бүгінде еліміз баянды болашағымыз, кемел келешегімізге қарышты қадам басуда. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылдық. Ендігі мақсат: қаржылық дағдарысқа, басқа да кедергілерге қарамастан өркениетті елдің қатарына қосылу. Ол үшін біз бірегейлікті сақтай отырып, бірлікті нығайтуымыз қажет, - деді. 
Түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.Гейдарова көп этносты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан еліміз 25 жылдық даму жолынан мүдірмей өткендігін, алдағы уақытта биік белестерді бірлік пен татулықтың арқасында бағындыруға үлестерін қосатынын тілге тиек етті. Брифингте бұл өзгерістің Қазақстандағы демократиялық үдерістерді жетілдіру жолында, жалпы, мемлекетіміздің дамуы бағытында маңызды бетбұрыс болатыны жайлы айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: