ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ БОЛЫП ҚАЙТТЫ
Баршаға мәлім таяуда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына билік тармақтарын бөлу жөнінде үндеуін жариялап, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын арнаған болатын.
Осы ретте, Елбасы Жолдауын насихаттау бағытында ақпараттық насихат топтары жасақталып, әр өңірлерде кездесулер ұйымдастырып, кеңінен талқыланулар жүргізілуде.
Бүгін осындай мақсатты ұстанған ҚР Парламентінің депутаттары А.Ералиев, М.Айсина, М.Махамбетов, А.Смағұлов және Н.Жумадильдаевалар киелі Арал өңіріне ат басын бұрып, келген болатын. Ауданымызға іс сапармен жол тартқан депутаттар ең алдымен ауданға қарасты Сексеуіл кентінде болып, мәдениет үйінде кент тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында депутаттар Параламент жанында атқарылып жатқан жұмыстар легін ортаға салып, Елбасының биылғы Жолдауының маңыздылығына тоқталып өтті. Халық қалаулыларымен өткен кездесуде тұрғындар мемлекет саясатын қолдайтындықтарын жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.