"Қайсардың" екі ойыншысы жастар құрамасына шақырту алды
«Қайсар» футбол клубының екі ойыншысы Данил Цой мен Ян Вороговский Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды.
Айта кетейік, қарашаның 9-ы мен 17-сі аралығында Алматы қаласының іргесіндегі «Талғар» базасында Қазақстанның 20 жасқа дейінгі құрамасы бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын барысында аға бапкер Саулюс Ширмялис футболшылардың чемпионаттан кейінгі жағдайларын бақылап, Қазақстан жастар құрамасында ойнауға лайық футболшыларды анықтайды.
19 жастағы жартылай қорғаушы Ян Вороговский биыл Қазақстан Премьер-лигасында 22 ойын өткізіп, алаңда 1160 минут ойнаған. Еншісінде 1 гол, 1 сары қағаз және 1 қызыл қағаз бар.
20 жасар қапталдағы қорғаушы Данил Цой биыл Премьер-лигада 14 ойын өткізіп, алаңда 867 минут ойнаған. Еншісінде бір нәтижелі пас, бір ескерту қағаз бар.