Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» «МАҚТАРАЛҒА» ҚАШАН ГОЛ СОҒАДЫ?

«ҚАЙСАР» «МАҚТАРАЛҒА» ҚАШАН ГОЛ СОҒАДЫ?«Қайсар» 2016 жылғы футбол маусымын бастады. Сырт алаңда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында жергілікті «Мақтарал» командасымен кездесті.
Өкінішке орай, жерлестеріміз біріншілікті сәтті бастай алмады. Алаң иелерімен 0:0 есебімен тең түсті. Естеріңізге саал кетелік, Қазақстан кубогының іріктеу кезеңінде біздің команда дәл осы «Мақтааралға» қарсы ойнаған болатын. Онда да есеп ашылмаған еді.
Бірінші лигада бақ сынап жүрген тағы бір команда «Байқоңыр» сырт алаңда Петропавлдің «Қызылжар» клубынан 0:2 есебімен жеңілді. 
Енді жерлестеріміз 16 сәуірде ойын өткізеді. «Қайсар» өз алаңында Теміртаудың «Шахтер-Болатымен» кездессе,  «Байқоңыр» сырт алаңда «Екібастұзбен» шеберлік байқасады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: