Ресейдің Красноярск қаласын қарлы бұлт басып қалды. Аталмыш қаладағы Коммунальный көпірі маңынан түсірілген мына видеода сол оқиға көрініс тапқан. Циклон ерекше екпінмен жүрді. Ол сағатына 72 шақырымға жетті. Жоғарыда аталған көпір бірнеше секундқа көзден ғайып болды.