ЗІЛЗАЛА БОЛҒАН АЙМАҚТА ОПЫРЫЛҒАН ЖЕРДЕ СИЫРЛАР АМАН ҚАЛДЫ (ВИДЕО)
Жаңа Зеландияда ірі жер сілкінісінен кейін ерекше оқиға орын алды. Жайылымда жүрген сиырлардың айналасындағы жер опырылып ортаға түсті, деп жазады seykhuninfo.kz.
Қызығы, үш сиыр сол тосын апаттан аман қалды. Бұл жайында жергілікті NewsHub сайты «Сиырлар өте тар жерде тұр. Оқиға Кайкур қаласына жақын аймақта болды. Бұл аумақ жер сілкісінің нағыз ортасы болып табылады. Әзірге сиырлардың жағдайы белгісіз» деп жазады.
Айта кетелік, жер сілкінісі Жаңа Зеландияның Оңтүстік арал аумағындағы Крайстчерч қаласына 95 шақырым жерде болды. Оның магнитудасы 7,8 балллды құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырымды шамалады. Жер сілкінісінен кейін цунами орын алды.