Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕР БАҚ СЫНАУДА

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕР БАҚ СЫНАУДА

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында журналистика мамандығы бойынша өтіп жатқан ІХ республикалық пән олимпиадасының ашылу салтанатына университет түлектері, жоғары сынып оқушылары мен университеттің оқытушы-профессорлары қатысты. 
Салтанатты жиында сөз алған университеттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бақытхан Абдикаримов олимпиада – студент білімін таразылайтын, бәсекеге қабілеттілігін бағамдайтын жарыс екендігін атап өтті. Сонымен бірге, 80 жылдық тарихы бар оқу орнының білім саласында жеткен жетістіктеріне тоқталды. 
Жалпы, білім бәйгесіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас және әлем тілдері университеті, С.Демирель атындағы университет, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қызылорда «Болашақ» университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінен құралған 13 команда қатысуда. 
Болашақ журналистердің білімі мен қарым-қабілетін университет ғалымдары мен республикалық БАҚ-да қызмет етіп жүрген білікті мамандар таразылайды. 
Олимпиаданың ашылу салтанаты университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. 
Бекбол Қаратайұлы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: