Facebook WhatsApp Instagram

0

"Қайсар" жастары жеңісті ұстап тұра алмады

"Қайсар" жастары жеңісті ұстап тұра алмады«Қайсардың» қосалқы құрамы Қарағандыдағы ойынды сәтті бастап, бірінші болып есепті ашқандарымен жеңісті нәтижені ұстап тұра алмады. Алаң иелерінің қақпасына жылдам гол соққанымен сол сәтте-ақ босаңсып қалған жастарымыз 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
«Шахтер» д – «Қайсар» д 4:1 (3:1)
Голдар: Муртазаев, 22. Буртовой, 27. Муртазаев, 28. Муртазаев, 71-пен – Унгарбаев, 11.
Ескертулер: Муртазаев 51, Буртовой 52 – Оразбек 25
Қызыл қағаз: Оразбек 42
«Шахтер» д: Носов, Дубков (Лаушкин 81), Алексеев К, Кәрімов (к), Погибелко, Сосновский (Алексеев А. 62), Скорых (Оспанов 77), Әбенов, Буртовой (Бурдейный 58), Муртазаев, Путинцев (Гасанов 72)
«Қайсар» д: Сейдахмет (Салайдын 88), Оразбек, Әлиев, Сарбай, Музарап (Кузімбет 85), Қартбай, Аяжан, Берібек (Меңлібаев 46), Қуанышбеков, Серік (Махан 62), Оңғарбаев (Досманбет 70)
Бас төреші: Алексей Бобров (Қарағанды)
Қанат Шерімбетов шәкірттері матчты өте қарқынды бастады. Бесінші минутта-ақ команда капитаны Тұрарбек Қуанышбеков екі-үш ойыншыны алдап, қақпаға қақырата теппек болды. Бірақ қорғаушылардың бірі соққыға тосқауыл болып үлгерді. Ал тағы бес минут өткенде қорғаушылардың қателігін пайдаланған Абылайхан Оңғарбаев қызылордалық команда сапындағы алғашқы голын соғып, қонақтарды алға шығарды. Алайда, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Көп ұзамай қарағандылықтардың негізгі құрамында ойнайтын Роман Муртазаев таразы басын теңестіріп кетті. Тағы ьес минут өткенде жерлестеріміздің қақпасында екінші доп тулап жатты. Ес жиып үлгергенше болған жоқ, «Қайсар» қақпашысы Мақсат Сейдахмет қақпадан тағы бір доп алып шығуға мәжбүр болды.
42-ші минутта Мадияр Оразбектің қызыл қағаз алуына байланысты кем құрамда қалғанына қарамастан екінші таймда Қанат Шерімбетов шәкірттері тізгінді қолдарына алуға тырысқанымен алғы шепте ширақтық жетіспей жатты. Алайда, қақпамызға пенальти белгіленіп, хет-трик авторы атанған Роман Муртазаев қақпамызға төртінші голды соқты.
Енді ертең алаңға негізгі құрамның ойыншылары шығады. Жастар жіберген есені Щербаченко шәкірттері қайтарады деген үміттеміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: