Сот қазақстандық сериалдардың актері Нұржан Тойлыбаевты адам өлтіру ісі бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырды. Tengrinews.kz тілшісі қазір тергеу изоляторында жатқан сотталушымен сұхбаттасты.
38 жастағы ер адам бұрындары зорлау ісі бойынша және бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Нұржан Тойлыбаев "Мәңгі ел", "Зәуре" жобаларына қатысқан, сонымен қатар "Айман-Шолпан" және "Өгей жүрек" сериалдарына түскен. Әрдайым бұзақыны сомдаған, оның Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарымен түскен және де кино түсірілімдері болып жатқан суреттері жарияланған. Сол жерде осы қайғылы оқиға болған. Актер сот үкімімен келіспейді, апелляциялық шағым түсірмекші. Ер адам оны өлтірмегенін, тек өзін қорғағанын айтады. Актердің айтуынша, оның куәгерлері жеткілікті.
Бұл оқиға 2016 жылы 10 қыркүйекте Фабричный ауылында болды. Мен өз досыммен бір жобаның аяқталуын жумақшы болдым. Кәуапханаға кірдік. Көрші үстелде бір топ адам отырды, олардың біреуі маған қайта-қайта тиісіп, "жұлдыз болма Ди Каприо емессің" деді. (...) Ол (қайтыс болған Мұрат Карслиев) біздің орынға келіп отырды. Сол жерде жанжалдасып кеттік. Сыртқа шыққанымда ол өзінің досымен штопр мен пышақ алып шабуыл жасады. Мен өзімді қорғау үшін, кәуапхананың көсеуін алып, Мұратты ұрдым, басына тиді. Оны жедел жәрдем алып кетті, 20 минуттан соң ол қайтыс болып кетіпті. Мен қашып жүрдім, төрт ай тығылдым", - дейді Нұржан Тойлыбаев.
Желтоқсанда полиция қызметкерлері оны жалдамалы пәтерден ұстаған. Басында оған "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша айып тағылған, содан кейін "Адам өлтіру" бабына ауыстырылған. Тергеу жүріп жатқан уақытта Тойлыбаевтың айтуынша, қайтыс болған Мұраттың әйелі Малика Карслиеваға үй мен жер телімін ұсынған. Бірақ ол бұдан бас тартып, он миллион теңге сұраған.
Мұрат Карслиев инженер-монтаждаушы болып істеген. Өзінің әйелі бала-шағасымен Фабричный ауылында тұрған. Оның әйелі және төрт баласы артында қалды. Малика Карслиева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында сот оның талап еткен сомасының бір бөлігін ғана қанағаттандырғанын, яғни екі миллион теңге өтеп бергенін айтты.
"Мен төрт баламен жалғыз қалдым, жалғыз асыраушымыздан айырылдық. Мұрат монтаждаушы болып қызмет ететін, ұялы байланыс орнататын. Күзде кафеге барғаннан кейін ол бақилық болды. Айыпталушының туыстары қирап тұрған үй ұсынды. Әрине, мен бодан бас тарттым. Мен олардан "өздерің осындай үйде тұрар ма едіңдер" деп сұрадым. Менің күйеуім ешқандай да штопр, пышақ ұстамаған, Нұржан өзі шабуыл жасаған. Куәгерлер шатасып, біресе үлкен, біресе кіші пышақ деп отыр", - дейді қайтыс болған ер адамның әйелі.
"Тойлыбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күн ішінде істі қайта қарау үшін арыз бере алады", - деді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мамандары.
Сотталушының әйелі мен екі баласы бар.