Facebook WhatsApp Instagram

0

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ НАУАИ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ НАУАИ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

 

Науаи облысына сапар бағдарламасы Нұратадағы Әйтеке би мемориалдық кешеніне барудан басталды. 
Онда қазақ мәдени орталығының белсенділерімен кездесу өтті.  Жұмыс сапары қызылордалық кәсіпкерлер мен Науаи облысы іскер топтарының қатысуымен өткен бизнес-форуммен жалғасты. Өзбекстан тарапы қонақтарға 2008 жылы құрылған «Науаи» еркін индустриалды-экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды. 

ҚЫЗЫЛОРДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ НАУАИ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

 

«Науаи» еркін индустриалды-экономикалық аймағында салықтық, валюталық және кедендік преференцияларды қамтитын ерекше құқықтық режим жұмыс істейді. Сонымен қатар аумаққа көлікпен келіп кету, Өзбекстан Республикасының тұрғылықты емес азаматтары үшін еңбек етуге рұқсат берудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. Бұдан бөлек, «Науаи» еркін индустриалды-экономикалық аймағындағы кәсіпорындар жоғары деңгейлі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.
Қырымбек Көшербаев пен Науаи облысының әкімі Кабул Турсунов өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: