Facebook WhatsApp Instagram

0

АЛЕКСАНДР БОРОДЮК «ҚАЙРАТТАН» КЕТТІ

АЛЕКСАНДР БОРОДЮК «ҚАЙРАТТАН» КЕТТІ«Қайраттың» бас бапкері Александр Бородюк алматылық клубпен келісімшартын бұзды, деп хабарлады vesti.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Еңбек шарты ресейлік маманның өз өтінішімен тоқтатылды.
«Клуб басшылығы бапкерді орнында қалдыруға тырысты, алайда Александр Бородюк клубтан кететін болып шешім қабылдады. «Қайрат» ФК Александр Генриховичке клуб үшін жасаған жұмысына алғыс білдіріп, келешек мансабында табыс тіледі», - делінген хабарламада.
Бородюктің жұмыстан кететіні туралы ҚПЛ-дың үшінші турында «Қайраттың» «Ақжайықтан» жеңілгенінен (1:2) кейін айтыла бастады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: