Facebook WhatsApp Instagram

0

ЖІГІТІ ЕРКЕ ЕСМАХАНДЫ ҰЙЫҚТАТПАЙ ЖҮР ЕКЕН

ЖІГІТІ ЕРКЕ ЕСМАХАНДЫ ҰЙЫҚТАТПАЙ ЖҮР ЕКЕН

 

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған жұлдыздардың бірі Ерке Есмаханның жүрегінде қайтадан махаббат оты тұтанған секілді. Әнші белгісіз ер жігіттің хабарлама жіберетінін, соның салдарынан ұйықтай алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Осыдан бірнеше күн бұрын Ерке тағы бір еліктірерліктей жарияланым жасады. Қып-қызыл көйлек киіп, нағыз ханшайымның образында тұрған әнші ол суреттің жазбасына «Сен үшін» деп жазды. Ол кезде де желі қолданушылары Еркенің жеке өміріне қатысты жауап алғысы келген. Ал бүгін:
«Біреу түгілі, өзімді өзім түсінбеймін! Бүгін жазған смсіңе мәз болып отырмын. Сондықтан ұйқы жоқ, кім тағы ұйықтамай жүр», – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Еркенің сүйіктісінің бар не жоқ екенін айтуды сұрады. Әзірге әнші жаңа махаббатының кім екенін ашып айтпады. Десе де жуырда ғана «Әйел бақыты» атты әні мен бейнебаянының тұсауын кескен ол болашақта толыққанды жанұясының болғанын армандайтынын айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: