Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Заманауи денсаулық сақтау және табыстың өсуі - өмір сүру сапасының негізі 

Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстандағы демографиялық жағдайға назар аударды. Елімізде шамамен жеті миллион бала бар, бұл халықтың 34%-ын құрайды, ал жыл сайын 330 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Халық санының қарқынды өсуіне байланысты Президент денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі әрі жедел дамытуды аса маңызды міндет деп атады.

Ауқымды құрылыстың бірінші кезеңінде бүкіл ел бойынша сегіз заманауи перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында көпбейінді балалар ауруханалары салынады, ал Астана қаласында тағы екі медициналық нысан бой көтереді. Бұл жұмысқа бюджет қаражатымен қатар жеке капиталды кеңінен тартып, іске қосылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын табысты жүзеге асыру қажет. Мемлекет басшысы атап өткендей, ең бастысы - шешімдерді жедел қабылдап, рәсімдерді созбалаңға салмау.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Ол үшін жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейтіп, жүйені қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту қажет. Үкіметке келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін арттыру тапсырылды. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын көбейтеді. Бұдан бөлек, Президент келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Бұл шара 1,8 млн адамды, оның ішінде бюджет саласының 370 мыңнан астам қызметкерін қамтиды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *: