Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Аймақ басшысы «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов «Қайсар- Аренада» өткен қостанайлық “Тобыл” мен жергілікті “Қайсар” футбол клубтары арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының матчын тамашалады. Ойын алдында аймақ басшысы жергілікті футболшылармен кездесіп, ізгі тілегін білдірді. 



Қайсарлықтар Мұрат Нәлқожаұлына қолдауы үшін алғыс айтып, клуб атынан естелік сый-сияпат табыстады. 

Тартысты матч нәтижесі 2:1 есебімен аяқталып, “Қайсар” футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасында алғаш рет жеңіске жетті. 

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр жыл соңында “Қайсар” футбол клубы жеке басқаруға берілген болатын. Клубтың жаңа иесі - белгілі кәсіпкер Исламғали Қозбақов. Өңір спортын дамыту, әсіресе футболды ілгерілету мақсатында инвестор демеушілігімен 20 млрд теңгеге «Қайсар» балалар академиясының құрылысы салынып жатыр. Онда 6 футбол алаңы, жабық манеж және медициналық орталық қарастырылған, 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. 

Облыста 2022 жылдан бері 24 заманауи спорт кешені ел игілігіне табысталды. Биыл елді мекендерде соңғы үлгідегі 3 спорт нысаны іске қосылады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: