Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

СПОРТШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

 

Қызылордалық спортшылар жеңіл атлетикадан өткен ел чемпионатынан жүлделі оралды.
Шымкент қаласында 19-23 мамыр аралығында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев жетекшілік жасаған жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, облысымыздың намысын қорғап қайтты.
Атап айтсақ, Ислам Салимов үш алтынды облыс қоржынына салды. Ол 200, 400 метр қашықтыққа жүгіруден және ұзындыққа секіруден өзінің мықтылығын дәлелдеп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, жарыстың үздік спортшысы атанды.
Еламан Жоламан да үш алтын медальді иеленіп, найза лақтырудан ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ол ядро итеруден және диск, найза лақтырудан1-орынды жеңіп алды.
Қолғанат Бақберген ұзындыққа секіруден бірінші орынды иеленсе, найза лақтырудан күміс жүлдені иеленді. Жас спортшы Батырхан Абсанов ұзындыққа секіруден қола жүлдені еншілесе, 100 метр қашықтыққа жүгіруден бесінші болып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: