Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары Талдықорғанда тең түсті

"Қайсар" жастары Талдықорғанда тең түстіҚызылордалық «Қайсардың» қосалқы құрамы түзде «Жетісудың» жастарына қарсы алаңға шығып, 0:0 есебімен тең түсті.
Қорғаныста сауатты ойнаған Қанат Шерімбетов шәкірттері алаң иелерінің шабуылшыларын тырп еткізген жоқ. Тұрарбек Қуанышбековтың орнына капитан ретінде шыққан Мадияр Оразбек бастакған қорғаушылар «Жетісу» шабуылшыларынығ аяқтарын тұсаулап, айып алаңына аса көп жақындатпады. Дегенмен, біз де алғы шепте өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алған жоқпыз. Осылайша, талдықорғандық команданың ұпайын тартып алған «Қайсар» жастары «Жетісуды» турнир кестесінде 4-орын алу мүмкіндігінен айырды.

Жетісу-д – Қайсар-д 0:0
Ескертулер: Мужиков 15, Сариев 62, Қартбай 63.
Жетісу: Әбдірахим, Қаламбеков, Отызбаев, Жұмағұлов, Сейдахмет (Марленов 46), Мужиков, Барзукаев, Сариев, Омаров (Сексенбаев 58), Жеңісбеков (Талғатов 54), Мұсабеков (Сарқыт 76).
Резерв: Гайнулин, Нұржұмаев, Жырғалов.
Қайсар: Сейдахмет, Оразбек, Сарбай, Дайрабай, Алтаев, Қартбай, Оңғарбаев (Аяжан 46), Серік (Ізбасар 57), Ахметов, Бердібек (Кузімбет 86), Досманбет (Мұзарап 78)
Резерв: Салайдин.
Төрешілер: Ноженко, Шакенай, Айтов (бәрі де – Талдықорған).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: