Белгілі футболшы Александр Меркель Қазақстан намысын қорғайды. Қазақстан футбол федерациясы Александр Меркельмен келісімге келді. Ол қазір швейцариялық «Грассхопперс» клубының жартылай қорғаушысы міндетін атқарады. Астана қаласында өткен баспасөз мәслихатында оның Қазақстан құрамасында ойнауы ресми түрде жарияланды. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
- Александр Қазақстан Ұлттық құрамасында ойнауға ниет білдірді – дейді Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Аллен Шайжүнісов. – Біздің кейбір позияцияда олқылықтар бар екенін түсінеміз және Меркель бізге көмектесе алатын ойыншылардың бірі. Александр екінші елдің азаматтығын алып отыр деген сауал туындауы тиіс, өйткені ол Алматыда туып өскен.
- Біз Александр Меркельдің ойынын ұзақ уақыт бақыладық, - деп пікір білдірді Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан. – Орталық алаңда олқы тұстар бар екенін түсіну керек, Александр Меркель орталық жартылай қорғаушының міндетін атқарады және сол олқылықтың орнын толтырады деп есептейміз. Александр Меркельдің біздің құрамаға алынуы – қазақстандық футболдың барлық мәселесін шешеді деп емес, белгілі позицияларды нығайту екенін түсінген жөн.
Мен өз Отанымның намысын қорғауды мақтан тұтанамын, – деп түсіндірді өз шешімін Александр Меркель. – Қазақстан футбол федерациясы туған еліме оралуға мүмкіндік бергеніне алғыс айтамын. Бұл мен және менің отбасым үшін үлкен маңызға ие. Қазақстан Ұлттық құрамасы жас әрі болашағы зор екенін білемін.
Еске сала кетейік, 28 наурыз күні Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті ойынын өткізеді. Юрий Красножан шәкірттерінің қарсыласы – Исландия құрамасы.