Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бес қызылордалықтың төртеуі алаңға шықты

 Бес қызылордалықтың төртеуі алаңға шықты«Қайсардың» бас бапкері Федор Щербаченко «Қайсар» - «Жетісу» кездесуінен кездесуінен кейін:  
- Көптен күткен жеңіске қол жеткіздік. Бірақ мен бірінші ретте бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. Матч алдында автошеру ұйымдастырып, бізді базаның алдынан күтіп алды да, стадионға дейін ұрандатып шығарып салды. Олардың қолдауын бірінші минуттан-ақ сезіндік.
- Негізгі құрамда шыққан қызылордалық ойыншылар туралы не айтасыз?
- Егер мен оларды алаңға шығардым ба, демек сенемін деген сөз. Йосип Кнежевич әлі толық бабында емес, Кирилл Шестаковтың жарақаты бар, Қайрат Нұрдәулетов те жарақаттан кейін толық өз ойынын таппай жүр. Сондықтан, бүгін Олжас Алтаевты орталық шепте байқап көрдік. Олжас сенімді ақтады. Жалпы, хаттамаға бес қызылордалық футболшы еніп, соның төртеуі бүгін алаңға шықты. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын.
- Матч алдында футболшыларға қандай тапсырма бердіңіз?
- 3:1 есебімен ұту жөнінде тапсырма қойдым (күліп).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: