Қазақстан Премьер-Лигасының төрешілері Түркияда 10-20 ақпан аралығына жоспарланған оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Төрешілер физикалық нормативтерді тапсырады. Сонымен қатар, теориялық жаттығуларды тәжірибе жүзінде іске асырады.
Төрешілік және бақылау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолонимен қатар, ФИФА инспекторы Фархад Абдуллаев, Италия мамандары Стефано Папи мен Никола Стефанини шақыртылған.
Оқу-жаттығу жиынына 21 бас төреші мен 35 төрешінің көмекшісі қатысуда.