Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазалыда қысқы спортқа мән берілуде

Қазалыда қысқы спортқа мән берілудеҚазалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің өткен жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 250 - спорттық жарыс өткізіліп, 64755 адам тартылды, оның ішінде 191 спорттық іс-шара жастар және жасөспірімдер арасында өткізілді.
Қазіргі таңда Әйтеке би кентінен 160 орындық дене шынықтыру спорттық сауықтыру кешенін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жанқожа батыр ауылына спорт кешенін салуға сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды.  
Сонымен қатар, айта кету керек аудан әкімінің бұқаралық спортты дамыту, аудан тұрғындарын қысқы спорт түрлеріне тарту үшін, қол жетімді мұз айдындарын Әйтеке би кентіне, Қазалы қаласына және ауылдық елді мекендерге жасау жоспарланған. Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде, Жалаңтөс баһадүр стадионына, Орталық алаңға, көлік-техникалық колледжі, жалпы білім беру мекемелері аумағына және Басықара, Жанқожа батыр, Түктібаев ауылдарына мұз айдыны жасалып халық игілігіне берілді.
Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында аймақтық аудандық эстафеталық жарыстар, хоккейден, қар үстіндегі спорттық ойындар және шанамен сырғанау білім саласында және  хоккейден жастар арасында аудандық жарыстар өткізілді. 
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында оның ішінде қысқы спорт түрлерін дамыту үшін Қазақстан Республикасы бойынша Ассамблеяның 20 жылдығына арналған шаңғыдан тұңғыш рет жастар арасында кросс өткізілді. Бұл аталған шаралар ауа райына байланысты алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты, – алқа мәжілісінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: