Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Астананың" аптығын баса аламыз ба?

 

Бүгін Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында айқас. Иә, жасыл алаңдағы айқас. Сағат 15:00-де алаңға жергілікті «Қайсар» мен елорданың «Астанасы» шығады. Дмитрий Огай бастаған команда «Астананың» аптығын баса ала ма?
"Қайсар" ФК баспасөз қызметінің хөабарлауынша, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» Сыр еліне де сақадай сай дайындықпен келіпті. «Тараздан» жеңіліп, «Ордабасымен» тең түсіп, қаһарына мінген елордалықтар өткен турда Алматының «Қайратын» тізе бүктірді. Ойыншылары да сапта.
Жалпы, «Қайсар» мен «Астана» ел футболының тарихында бұған дейін тұп-тура өзара он ойын өткізіпті. Соның тек қана біреуі қызылордалықтардың жеңісімен аяқталған. Сондықтан, бүгін Дмитрий Огай командасы үшін статистиканы түзейтін керемет мүмкіндік.
Командалардың өзара кездесуі – 10
«Қайсардың» жеңісі – 1
«Астананың» жеңісі – 8
Тең ойын – 1
Гол айырмашылығы – 5:25
Ең ірі жеңіс – 1:0 (2014 ж.)
Ең ірі жеңіліс – 1:5 (2011 ж)
«Қайсардың» ұпайы – 4
«Астананың» ұпай – 25
Ал матчқа қостанайлық Анатолий Вишниченко бастаған төрешілер алқасы қызмет етеді. Оған қос қапталда алматылық Серік Қошқаров пен атырулық Анатолий Ходин көмектессе, резервте Төребек Жақсылық бар. Матч инспекторы – павлодарлық Альберт Карымов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: