Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жапонияның 48 жастағы кәсіпқой футболшысы сұрмергендігімен танылды (ВИДЕО)

Жапонияның 48 жастағы кәсіпқой футболшысы сұрмергендігімен танылды (ВИДЕО)Жапон футболшысы Кадзуеси Миура кәсіпқой футбол әлемінде әлі күнге дейін ойын көрсетіп жүрген егде футболшысы саналады. Үстіміздегі жылы 48 жастан асқан ол қазіргі таңда Жапонияның екінші дивизионында бақ сынап жүрген «Йокогама» командасының намысын қорғайды.
Ол жақында «Джубило Ивата» командасына қарсы өткізген ойынның 14 минөтінде доп соқты. Осылайша ол жер шарындағы дүниеге келгеніне 48 жас 38 күн толғанда гол соққан егде футболшының бірі болды. Ол 2000 жылға дейін өз елінің ұлттық құрамасында сапында ойнады. 
Қазіргі таңда дүниежүзінде 45 жастағы Италияның «Читаделла» командасының қақпашысы Андреа Пьеробон да жапондық әріптесінің ізін басып келеді. Ол 2014/2015 жылғы футбол маусымында өз қақпасына небәрі 13 доп қана жіберіп алды. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: