Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" - "Қайрат": Қай команда қарымды?

 

Құрметті футболсүйер қауым! Баршаңызды мамырдың 3-і күні Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясында өтетін «Қайсар» - «Қайрат» (Алматы) кездесуіне шақырамыз.
Сыр жеріне Қазақстан кубогының иегері, өткен маусымның қола жүлдегері Алматының «Қайраты» келеді. Құрамында еліміздің ең дарынды ойыншысы Бауыржан Исламхан, Премьер-лиганың үздік сұрмергені Жерар Гоу, ең шебер легионерлердің бірі Исаэль сынды саңлақтарды жинаған словакиялық маман Владимир Вайсс Қызылордаға сақадай сай келе жатыр.
Дегенмен, «Қайсардың» да құрамында жарақат алған ойыншылар бұрынғымен салыстырғанда жарақат алған ойыншылар азайған. 
Ендеше бізді тартысты да, қызықты ойын күтіп тұр. Сондықтан, командамызға сіздердің қолдауларыңыз өте қажет.
Ойын 3 мамыр күні Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда сағат 17:00-де басталады. Ал дубльдік командалардың кездесуі 2 мамыр күні «Локомотив» стадионында сағат 17:00-де өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: