Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық боксшы Аида Сербияда жеңімпаз атанды

Қызылордалық боксшы Аида Сербияда жеңімпаз атандыСербияның Суботица қаласында бокстан қыздар арасында өткен IV Ұлттар кубогы жолындағы турнирде Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы Аида Оңдаш жеңіс тұғырына көтерілді.  Ол жастар арасында 81 келі салмақта өнер көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. Аталмыш турнирге жас ерекшеліктеріне қарай үш топта әлемнің он елінен спортшы қыздар қатысты. 
Бокстан спорт шеберлігіне кандидат Аида 1998 жылы Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында дүниеге келген. Екі жылдан бері бокспен айналысып келеді. Ол бұған дейін 2014 жылы Оралда бокстан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Қарағанды қаласында қыздар арасында «мықтылар» атты турнирдің, Тараз қаласында бүкіл Қазақстандық оқушылар спартакиадасының және халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. Оны түрлі жарыстарға дайындап, шеберлігін шыңдап жүрген жаттықтырушысы – Бахытбек Құлбаев. 
Қатарынан оза шауып, бәйгенің алдын бермеуге тырысатын боксшы алдағы наурыз айында бокстан жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Одан кейін мамыр айында Тайпейде болатын Әлем чемпионаты күтіп тұр. Айта кетейік, турнир нәтижесінде жалпы командалық есепте Еліміздің жастар және ересек қыздар бірінші орынды, жасөспірімдер құрамасы  үшінші орынды еншіледі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: