Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің соңғы іріктеу матчы аясында «Астана» футбол клубы Кипрдің "АПОЭЛ” командасымен кездесті. Никосиде өткен қарымта кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды деп хабарлайды 24.kz.
Ойынның тең аяқталғанына қарамастан Станимир Стойлов шәкірттері чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Бұл – қазақ футболы үшін тарихи сәт! Себебі қазақстандық футболшылар тұңғыш рет үздік 32 команданың сапында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Жалпы, есепті алғаш болып алаң иелері қатарынан 60-минутта Штилич ашқанымен, 83-минутта елордалық клубтың сербиялық ойыншысы Неманья Максимович таразы басын теңестіріп, қазақ футболындағы жаңа парақтың бетін ашты.
Айта кетейік, "АПОЭЛ” мен "Астана” арасындағы алғашқы ойын 1:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталған еді.