Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстанның мықты боксшылар арасында турнир басталды.
Турнирге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 166 мықты былғары қолғап шеберлері қатысуда. Турнирдің ашылу салтанатында облыстык дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР бокс федерациясынын координаторы Бақыт Сәрсекбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Алты күнге созылатын шаршы алаң бәсекесі 1994-1996 жылдары туылған ересектер арасында ұлттық құрама командаға алынатын ең мықты деген спортшыларды анықтау болмақ. Турнир женимпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 28 ақпан күні белгілі болады.