Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Премьер-лига - 2014: "Қайсар" футболшылары қалай ойнады?

Премьер-лига - 2014: "Қайсар" футболшылары қалай ойнады?2014 жылғы футбол маусымы Қызылорданың «Қайсары» үшін сәтті аяқталды. Өткен маусымда ғана Бірінші лигада доп тепкен Сыр командасы бір жылдың ішінде Премьер-лиганың үздік командаларының қатарынан орын алып, үздік бестікке орнықты. Ендеше, маусымды қорытындылап, ойыншылардың статистикасын алдарыңызға ұсынайық.
Жалпы, биыл «Қайсар» сапында қай футболшы қанша рет алаңға шықты? Кім неше гол соқты? Ескерту жөнінен қай футболшы алда тұр? Осы және өзге де статистикаларды төмендегі кестеден таба аласыздар.
«Қайсар» сапында ең көп ойын өткізген – Кирилл Прядкин. Барлық кездесуде негізгі құрамда алаңға шыққан қақпашы, тіпті биылғы ел чемпионатында бірде-бір ойын жібермей, алаңда барлық минутты өткізген жалғыз футболшы. Рас, «атыраулық» Милош Трифунович пен «жетісулық» Сергей Шафф та биыл барлық матчқа қатысты. Дегенмен, екеуі де оқта-текте алмасып отырған болатын. Ал «Қайсарда» Прядкиннен кейін 30 ойынмен Мамуту Кулибали тұр.
Гол+пас жөнінен Римо Хунт бірінші орында тұр. Биыл Премьер-лигада 27 ойын өткізген эстониялық легионер қарсылас қақпасын 8 рет тура көздеп, екі нәтижелі пастың авторы атанған. Дегенмен, Премьер-лигада үздік сұрмерген атағы 16 гол соққан «астаналық» Фокси Кетевоамаға бұйырғанын білеміз.
Ескерту қағаздары жөнінен «Қайсарда» Рахымжан Розыбакиев командаластарынан оқ бойы озық тұр. 28 ойында алаңда 1671 минут өткізген ұлттық құрама ойыншысы осы аралықта 8 мәрте сары қағаз алып үлгеріпті. Салыстырмалы түрде айта кетейік, ескертулерінің көптігі жөнінен командада екінші орында тұрған Мамуту Кулибалидің еншісінде 5 сары қағаз бар. Дегенмен, өзге клубтардағы әріптестерімен салыстырғанда Розыбакиевтікі соншалық та көп емес. Мәселен, «Ертіс» ойыншысы Альмир Мухутдиновті төрешілер 11 рет жазалаған. Бір қуанарлығы, биыл «Қайсарда» алаңнан қуылған ешкім жоқ.

Премьер-лига - 2014: "Қайсар" футболшылары қалай ойнады?

 

 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: