Қазақстанның Футбол федерациясы президенті Ерлан Қожағапанов Түркия Ұлттық телерадиокомпаниясының жетекшілігімен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін матчты TRT Avaz телеарнасы көрсететін болды.
Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан Суперкубогы үшін 1 наурызда өтетін «Астана» - «Қайрат» матчын Ресей, Украина, Беларусь, Эстония, Литва, Латвия және Молдова аумағында көрсету жөнінде келісімге қол жеткізілген еді.
Қазақстан аумағында Суперкубок матчының негізгі хабар таратушысы - «Хабар» агенттігі.