Конституция – мемлекет пен халық арасындағы жаңа көпір
Жаңа Конституция аясында құрылған Халық Кеңесі – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық әрі тұрақты диалогтың негізгі тиімді көпіріне айналуда. Бұл институт ел өміріндегі ең маңызды шешімдерді қабылдау кезінде халықтың үнін тікелей жоғары деңгейге жеткізуді мақсат етеді.
Кеңес қызметінің басты артықшылығы – сарапшылардың кәсіби пікірін, белсенді азаматтардың бастамалары мен халықтың нақты ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік беруінде. Осылайша, әрбір азаматтың пікірі ел саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.