Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың жүргізушілер арасында жиі кездесетін түрлерінің бірі – көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпау және ұялы телефонды пайдалану. Аталған құқық бұзушылықтар жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсер етіп, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады.
«Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 6 000-нан астам және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 3 000-ға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қауіпсіздік белдігін тағуды және көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланбауды ескертеді.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі. Заң мен тәртіп сақталған жерде қауіпсіздік те қамтамасыз етіледі.