Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Күзде коронавирус инфекциясының белгілері өзгеруі мүмкін бе?

Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина коронавирус туралы бірқатар сауалдарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
"Коронавирус инфекцияның дамуында бірнеше факторды ескеру керек. Оның ең бастысы – иммунитет. Содан кейінгі фактор – вирустық жүктеме, яғни, әрбір адамның ағзасына вирус қаншалықты көлемде енгені. Вирусологтардың бұл көлемді санауда арнайы реті бар. Мысал ретінде айтайын: егер бұл көлем 10 000-нан жоғары болса, онда ол вирустың адам ағзасында ауру тудыра алатындай қауқары бар деген сөз. Ал, әрбір адам белгіленген санитарлық нормаларды барынша сақтап жүрсе, бұл вирустық жүктемені мейлінше азайтады. Вирустық жүктеме көбіне, адам көп шоғырланатын жерлерде, той-томалақтарда жоғары болады, - дейді маман. 
Сонымен қатар коронавирустың күзгі маусымдағы белгілері "өзгеруі мүмкін" деген ақпаратқа қатысты өз ойын айтты. 
"Бұны нақты айту қиын. Себебі, вируленттілік қасиет әр вирусқа тән. Әр ағзаға түскенде өзіндік реакциясы болады. Вируленттілік өзгеруі мүмкін, яғни, ауру тудыру әсері төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін. Қазір кейбір мәліметке қарағанда, вируленттілік төмендеп келеді. Бұл вирустың штаммына байланысты, - деді Баян Тұрдалина. 
17 тамыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдетілгенімен, демалыс күндері қатаң шектеулер жалғасын тапты. 
Оған қоса, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой телеарнаға ашық сұхбат беріп, коронавирусқа қатысты бірнеше өзекті сауалдарға жауап берді. Шенеунік ресейлік вакцинаның қолданылуы мен препараттан Қазақстан азаматтары зардап шексе, кім жауап беретінін айтты. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: