Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Нысана көздеуден мергендік танытты

Нысана көздеуден мергендік таныттыОңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында жастар мен ересектер арасында стенд атудан 23-ші халықаралық турнир өтті. Турнир стенд атудан  КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналды. Оған республикамыздан 150-ден астам спортшылар қатысты. 
Бес күнге созылған турнирдің қорытындысында Қызылорда облысының спортшылары 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль олжалап, жалпы командалықта екінші орынды иеленді.  Бірінші орында – ОҚО, үшінші орында – Алматы қаласы. Жарыс бағдарламаға сәйкес стенд атудың  4 түрі бойынша дубль – траптан, траптан, скиттен және спортингтен өткізілді. 
Трап бойынша Максим Коломоец пен Сергей Ибрагимов, дубль-траптан Айбек Қаржаубай чемпион атанды. Скит бойынша Азамат Жалғасбек, дубль – трап бойынша Максим Коломоец екінші орынды иеленді. Трап пен дубль-траптан Виолет Ягодарова, траптан  Дмитрий Шарайко қола жүлдені еншіледі. Максим Коломоец  қараша айында Аль-Аин қаласында (БАӘ) болатын Азия чемпионатына қатысады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: