Бүгінде өңірімізде спорт саласын қарқынды дамыту аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы төрт жылда аймақ басшысының қолдауымен 24заманауиспорт кешені пайдалануға берілді.
![]()
Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Сейрамбек Шермағанбет айтып берді.
Бұдан бөлек, қаламыздың сол жағалауында«Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлескен түрде салынған құны3,4 млрд теңгеге «Теннис орталығы», халықаралық талаптарға сай келетін құны 26,5 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионы, Қазақстан Халқына қоғамдық қорының демеушілігімен құны 2,9 млрд теңгені құрайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған «Инклюзивті спорт орталығы» секілді бірегей нысандар спортшыларымыздың игілігіне берілді. Сондай-ақ, облыс орталығында құны 20 млрд.500 млн теңгені құрайтын аумағы 26 мың шаршы метрлік көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешені салынуда. Кешенде олимпиадалық стандартқа сай 50/25 метрлік жүзу бассейні және олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарымен қамтылады.
Сондай-ақ, Әлем және Азия ойындары секілді халықаралық жарыстарды өткізуге арналған 2500 орындық зал, ауқымды жиындар, форумдар және кездесулер өткізуге арналған соңғы үлгідегі 150 адамдық жиын өткізу залы қарастырылады. Одан бөлек, халықтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға арналған кәсіби фитнес залдары салынады. Бұл нысан осы жылы пайдалануға беріледі.
Өздеріңіз білетіндей, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде «Қайсар» футбол клубының қаржылық мәселесіне қатысты терісбағыттағыақпарат шыққан болатын.
Осыған байланысты біз Сіздерге қызылордалық «Қайсар»футболклубыныңқазіргі стратегиялық жоспары мен негізгі міндеттерін баяндаймыз.
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы – 1968жылы«Волна»атауымен құрылған. (Сол жылы алғаш рет Петр Боголюбовтың жетекшілігімен тұңғыш мәрте КСРО чемпионатында бақ сынап, Сыр өңірінің футбол тарихы басталған болатын)
Жарты ғасырдан астам тарихы бар клубтың ойыншыларын осы уақытқа дейін 35бапкержаттықтырды.
Ең алғаш«Қайсар»футболклубы1999жылы тұңғыш рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. 2000 жылы Азия кубогында ел намысын қорғап, «Худжанд»,«Ниса» секілді белді командалармен шеберлік сынасып, тарихи ойындар өткізген болатын.
2019 жылыСырдың бас командасы Қазақстан кубогын екінші мәрте жеңіп алып, Еуропа лигасының жолдамасын иеленді. (Команда мүшелері Кипрдің 32 дүркін жеңімпазы әйгілі «Апоэл» клубымен күш сынасып, жанкүйерлерге үздік ойын өрнегін көрсеткен болатын)
«Қайсар»футболклубыныңқаржылықмәселесі туралыайтатынболсақ,
2019 жылы облыстық бюджеттен жергілікті клубқа 4млрдтеңгекөлемінде қомақты қаржы бөлінген болатын. Бұл сол кезеңдерде облыстарбойынша салыстырмалы түрде ең көп бөлінген қаржы болды.
2020 жылы клубқа облыстық бюджеттен 2,6 млрд бөлінсе, 2021 жылы Қайсардың құрамына 9 легионер алынды. Алайда бәсекелестіктің жоғары болуы және футболшылардың кәсіби деңгейінің төмендігі салдарынан жергілікті команда чемпионатта 19 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 13 орынға жайғасып, Бірінші лигаға төмендеді.
2022 жылы Нұрлыбек Машбекұлы облысқа басшы болып келгеннен кейінжергілікті командаға Премьер-Лигаға өтуге тиісті талаптар қойылды.Сол жылы бөлінген 605 млн теңгемен жергілікті команда бірінші лигада ойын өрнегін көрсетіп жүрген болатын.
2023 жылы аталған клубқа облыстық бюджеттен1,2 млрд теңгебөлініп, дұрыс жоспардың, қойылған тиісті талаптартыңнәтижесінде жергілікті команда Бірінші Лигадан Премьер-Лигаға өтті.
2024-2025 жылдар аралығында команда облыстық бюджеттен бөлінген 1,2 млрд теңгемен жасыл алаңда өнер көрсетті.
Анықтама ретінде:
2019 жылы 4 млрд.теңге
2020 жылы 2,6 млрд.теңге
2021 жылы 1,6 млрд.теңге
2022 жылы 605 млн.702 мың теңге
2023 жылы 1,2 млрд. теңге
2024 жылы 1,6 млрд. теңге
2025 жылы 1,2 млрд.теңге
2026 жылы 995 млн теңге
Өздеріңіз білетіндей, «Қайсар» футбол клубының 2020 жылдан бастап қалыптасқан 753 млн.теңге көлемінде берешегі бар болатын. Қазіргі кезге дейін клуб берешегінің жартысы жабылды.
«Қайсар»футболклубыныңжекебасқаруғаберілуі туралы
Мемлекет басшысы футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты тиісті тапсырма берген болатын.
Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футболклубы2025 жылдың соңындажеке басқаруға өтті. Клубтың жаңа иесі – «TAU Group LTD» компаниясының басшысы, жерлесімізИсламғали Қозбақов. Биылғы жылдан бастап жергілікті клуб жеке кәсіпкердің басқаруына берілді.
Осы ретте, алдағы5 жылда «Қайсар» футбол клубына облыстық бюджеттен белгілі бір көлемде қаржы қарастырылады. Осы уақыт аралығында қаржы көлемі кезең-кезеңімен азайып, бес жылдан кейін облыстық бюджеттен қаржыландыру толық тоқтатылады. Биыл жергілікті клубқа бөлінген қаржы 200 млн теңгегедейін қысқартылды.
Биыл жергілікті «Қайсар» футбол клубына облыстық бюджеттен бөлінген 995 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткізіліп, жеңімпаз атанған «TAU Group LTD» компаниясынақаржы бөлінді.
Жекебасқаруғаберілгенніңпайдасынайтатын болсақ,қазіргі таңда инвестор18 млрд.теңгеге«Қайсар»академиясын салуда. Биылғы жылы негізгі база мен жаттығатын 3 алаңды салып, күз айларында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Ал толық кешенді 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Бұл жоба клубтың ұзақ мерзімді дамуына бағытталған негізгі инвестициясы. Жалпы клубтың стратегиясы 5–10 жылдық жүйелі өсімге бағытталған. Жоба аясында 7 толық өлшемді және 2 балалар алаңының құрылысы, сонымен қатар жабық манеж бен ойыншыларды қалпына келтіруге арналған медициналық орталық қарастырылған. Бұл академия қабырғасынан тәрбиеленіп шыққан спортшылар болашақта жергілікті «Қайсар» футбол клубын биік шыңдардан көрсетеді деп нық сеніммен айта аламыз. Біз бұл бағытта жасөспірімдер футболын әрдайым қолдапкелеміз, алдағы уақытта да қолдайтын боламыз!
Осы ретте, жергілікті «Қайсар» футбол клубын дамыту аясындағы жүйелі жұмысы үшін белгілі кәсіпкер Исламғали Айтуарұлына ерекше алғыс білдіреміз.
Екіншіден, жаңадан салынған стадионды күтіп ұстау шығындарының жылдық көлемі 500 млн теңгені құрайды. Бұл қаржы толықтай жеке инвестордың өзінің қаражаты, бюджеттен оған ешқандай қаржы бөлінбеген.
Үшіншіден, шет мемлекеттерден келетін жалдамалы ойыншылардың(легионерлер) шығындарын негізінен жеке инвестор өзі өтеп отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысындабарлық облыстарда спортинфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорткешендерін салу мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймақ басшысының ұйымдастыруымен 11 мың орындық «Kaysar Arena» стадионы бой көтерді.
Құны 26,5 млрд теңгені құрайтын жаңа стадионның жасыл алаңы халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Жаңа стадионның негізгі ерекшелігі - УЕФА классификациясы бойынша – IV санатты категориясына ие.Бірегей нысанның құрылысы бір жыл үш айда толық аяқталды.
Стадионның сапасы және архитектуралық келбеті заманауи талаптарға сай салынған. «Қайсар Арена» секілді басқа өңірлердегі стадиондардың шығындары шамамен 600 млн теңгеден жоғары.
Жаңа стадион, Қайсар арена секілді заманауи нысандардың барлығы әлеуметтік салаларданталан-таражға түсіп жатқан қаржыларды тоқтатудың нәтижесінде үнемделген,қайтарылған қаражаттарға жасалды.