Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Алмас пен Александр АҚШ-қа барады

Алмас пен Александр АҚШ-қа барадыАуыр атлетикадан әлем біріншілігі АҚШ-тың Хьюстон қаласында қараша айының 20-29 аралығында өтеді.
Аталмыш жарыста Сыр өңірінен баратын ауыр атлеттер де бар. Атап айтқанда, 94 келіде Алмас Өтешов бақ сынаса, 105 келіде Александр Зайчиков ел намысын қорғайды. 
Оған қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі өзгерді. Қыздар арасындағы 69 келідегі Анна Нұрмұхамбетова жарақатына байланысты жарысқа бара алмайды. Оның орнына Лондон Олимпиадасының чемпионы – Майя Манеза бақ сынайды.
Сондай-ақ, ерлер құрамасы сапында да өзгеріс бар. +105 келі салмақтағы Қазақстан Ұлттық құрамасының рекордсмені Селимхан Әбубакаров Ресей Федерациясы Президенті кубогына қатысуына байланысты әлем біріншілігіне бара алмайды. Оның орнына Айдар Қазов (77 келі) немесе Ермек Өміртай (85 келі) баруы мүмкін.
Ерлер:
Арли Чонтей (56 кг)
Фархад Харки (62 кг)
Нижат Рахимов (77 кг)
Денис Уланов (85 кг)
Жасұлан Қыдырбаев (94 кг)
Алмас Өтешов (94 кг)
Александр Зайчиков (105 кг)
Әйелдер:
Маргарита Елисеева (53 кг)
Карина Горичева (63 кг)
Жазира Жаппарқұл (69 кг)
Майя Манеза (69 кг)
Светлана Подобедова (75 кг)
Надежда Ногай (75+ кг)
Александра Аборнева (75+ кг).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: