Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық полицейлер волейбол мен дартстан бақ сынасты

Қызылордалық полицейлер волейбол мен дартстан бақ сынасты23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында, қызметкерлердің спорттық даярлығын көтеріп, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын  қамтамасыз ету мақсатында  «Динамо» спорт кешенінде дартс пен волейболдан жарыстар өткізілді. 
Аталмыш турнирге ішкі істер департаменті аппаратының қызметкерлері қатысты.  Спорттық бәсекелердің қорытындысы бойынша дартстан І орынды Кадр жұмыстары басқармасының бөлім бастығы полиция полковнигі Ерғали Шерімбетов иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Техникалық қызмет басқармасының аға инженері полиция аға лейтенанты Бағдат Тлеумбетов пен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс инспекторы полиция капитаны Ш.Накипов бөлісті. Ал волейболдан І орынды Кадр жұмыстары басқармасы қанжығасына байласа, Жедел криминалистика басқармасы  ІІ орынға, Штаб басқармасы ІІІ орынға табан тіреді. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай ұйымдастырылатын салтанатты іс-шарада марапатталатын болады. 

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: