"Қайсардың" қорғаушысы Сергей Кейлер тағы да алаңнан қуылды. Бұл жолы ол біздің команданың "Ақтөбемен" жолдастық кездесуінде осындай дөрекілігін көрсетті.
Естеріңізге сала кетелік, Сергей 15 тамыздағы "Қайсардың" өз алаңындағы "Таразбен" кездесуінде қызыл қағаз алған еді.
Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті Қайсарлық Сергей Кейлер мен тараздық Изу Азука үш ойыннан аластатуға шешім қабылдады. Ойыннан кейінгі сұхбат барысында Изу Азука қарсыласы Сергей Кейлер "Мағаннәсілшілдік кемсітушілік көрсетті" деп айыптаған еді. Оған Сергей Кейлер "Менің тарапымнан ешқандай ондай әрекет болған жоқ" деген жауабын қайтарды. Дегенмен, оның ақ-қарасын ешкім аша қойған жоқ.
"Қайсар" одан бері 23 тамызда сырт алаңда Көкшетаудың "Оқжетпесімен" шеберлік байқасты. Енді С.Кейлер 13 қыркүйекте өз алаңында өтетін Қостанайдың "Тобылы" мен сырт алаңдағы Қарағандының "Шахтер" командалары арасындағы кездесулерге қатыса алмайды.