Үстіміздегі жылдың 26-28 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.
Кездесулер ерлер мен әйелдер арасында 7 салмақ дәрежесінде өтті. Тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Қарағанды облысы, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командалары еншіледі.
Жекелей сында 52 келі салмақ дәрежесінде Айдана Ермахан (№5БЖСМ), 78 келіде Мархабат Ақылбаева (облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығы) және 90 келіде Мақсат Исақабыловтар (ЖСШМ) жақсы өнер көрсетіп, ел чемпиондары атанды.
48 келіде Гүлдана Мұрат (Ж.Баһадүр атындағы мектеп-интернат), 52 келіде жалағаштық Тоғжан Әсембек, 63 келіде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Мархабат Бахытбекова, 70 келіде Жания Махмудова, +100 келіде Ернар Бегайдар қола жүлдеге қол жеткізді.