Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Шахматтан облыс біріншілігі өтті

Шахматтан облыс біріншілігі өттіҚызылорда қаласында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан қатысқан 6 команданың құрамында 40 қа жуық ойыншы бақ сынады. 
Ойын швейцар жүйесі бойынша 7 турға созылды. Осы жарыстан 1,2 орынды иеленген жеңімпаз бен жүлдегерлер үстіміздегі жылдың 19-28 ақпан аралығында Павлодар қаласында өтетін ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатына жолдама алды. 
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының атынан қатысқан спортшылардың мерейі үстем болды. Атап айтсақ, 6,5 ұпаймен Юра Егай облыс жеңімпазы атанды. Дәл осындай ұпаймен екінші орынды Роман Смолоногов иеленді. Ұпай саны бірдей болғанымен Роман коэффиценті бойынша алға шықты. Қадыр Жамаладин 5 ұпаймен қола жүлдені қанағат тұтты. 
Айта кетейік, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Шахматшылардың ең жасы 8-де болса, үлкені 75 жастағы қызылордалық Еркін Бекенов.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: