Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Юрий Красножан Молдова-Румыния матчын тамашалады

Юрий Красножан бастаған Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы Молдова мен Румыния арасындағы жолдастық матчты тамашалады.  Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

Юрий Красножан Молдова-Румыния матчын тамашалады

 

– Тартысты ойын өтті. Матчтың басында Молдова құрамасы басымдыққа ие болды. Олардың  есепті ашуы да кездейсоқ емес, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды, – дейді Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан. – Командалық жұмыс көзге көрінді, екі шабуылшы тактикасын қолданды. Әзірге  мінсіз деп айтуға келмейді, бірақ алғашқы 10-15 минутта молдовалық футболшылар керемет ойын өрнегін көрсетті. Кейін Румыния құрамасы жылдамдықты арттырып, басымдықты қолға алды. Дегенмен молдовалық футболшылардың да алға шығатын сәттері болды. Бұл матч бізге және Молдова құрамасының жаттықтырушылар құрамына көптеген ақпарат берді.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы жолдастық матч 18 ақпанда өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: