Бүгін, 24 сәуірде Премьер-лига командаларының қосалқы құрамдары өзара ойнады. Біріншілік кестесіне сәйкес Қызылорданың "Қайсар" командасының жастары өз алаңында "Астананың" қосалқы құрамына 1:2 есебімен жол берді.
Елордадан келген команда сапында Сергей Остапенко екі мәрте біздің қақпаны дәл көздесе, оған "Қайсардан" Жандос Қартбай 77 минөтте пенальти тебу арқылы бір ғана доппен жауап қайырды.