Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Ақтөбемен" жолдастық кездесу өткізеді

"Қайсар" "Ақтөбемен" жолдастық кездесу өткізедіЕл чемпионатындағы үзілісті пайдаланып, қыркүйектің 7-сі күні «Қайсар» футбол клубы түзде «Ақтөбемен» жолдастық кездесу өткізеді.
Жолдастық кездесу командалардың оқу-жаттығу жиындары аясында ұйымдастырылмақ. Команда Қызылордадан Ақтөбеге 5 қыркүйек күні шығады. Матч кезінде бас бапкер команданың функционалдық жағдайына мән беріп, тактикалық өзгерістерді байқап көрмек. Сондай-ақ, Премьер-лиганың 25-туры аясында 13 қыркүйек күні өтетін Қостанайдың «Тобылына» қарсы ойынға дайындалмақ.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайсар» - «Тобыл» кездесуі 13 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: