Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЩЕРБАЧЕНКО "МОРДОВИЯҒА" ОРАЛА МА?

ЩЕРБАЧЕНКО "МОРДОВИЯҒА" ОРАЛА МА?«Қайсардың» бұрынғы бапкері  Фёдор Щербаченко «Мордовия» командасына бас бапкер қызметіне келуі мүмкін. Ол қазір осы қызметті атқарып жүрген Андрей Гордеевті алмастыруы ықтимал.
Ф.Щербаченко аталмыш команданы 2012 жылы Премьер-лигаға алып шықты. Ал 2013-2014 жылдары Волгоградтың "Роторында" бас бапкерлік атқарды. Ал 2015 жылдың 4 наурызында Арменияның "Улисс" командасына бас бапкер болып тағайындалғанмен, маусым аяқталғаннан кейін ол қызметінен кетті. Одан кейін қазақстандық "Қайсар" (Қызылорда) командасында бас бапкер болды. Дегенмен, команданың Премьер-лигадағы орын сақтап қала алмауына байланысты қызметінен кетті.
Әзірге Щербаченко "Мордовия" жайында ешқандай түсініктеме берген жоқ.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: