Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық теннисші қос жүлде алды

Қызылордалық теннисші қос жүлде алды Қызылордалық Жақас халықаралық турнирден алтын және қола жүлделерді иеленді.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында теннистен 10 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында «Шымкент мастерс» атты халықаралық турнир аяқталды. Алматы, Ақтөбе, Өскемен, Тараз, Шымкент, Қызылорда­ қалаларынан және Бішкектен 40 спортшы қатысқан жарыста жерлесіміз Жақас Қозбақ турнирдің алтын және қола жүлделерін иеленді.
Ол ұлдар арасында жұптық кездесуде қызыл­ордалық Жақас Қозбақ пен ақтөбелік Эдельлис Нармағанбет чемпион атанды. Олар финалда ақтөбелік София Борсук пен шымкенттік Ерасыл Бобанды екі сетте 4:0, 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ, Жақас жекелей есепте қола жүлдені еншіледі.
Ол енді үстіміздегі жылдың 23-30 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында болатын республикалық ашық турнирге қатысады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: