Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан Еуро-2016 бойтұмары анықталды

Футболдан Еуро-2016 бойтұмары анықталды2016 жылғы Еуропа чемпионатының бойтұмары анықталды. Оған плащ киген бала таңдалып алынды. Естеріңізге сала кетелік, аталмыш доп додасы Франция елінде өткізіледі.
Бойтұмарға айналған туындыда қызыл түсті плащ киген бала бейнелеген. Сондай-ақ, оның үстінде Франция құрамасының 16-ші нөмірлі жейдесі бар. Бұл бойтұмар бүгін, 18 қарашада Франция мен Швеция құрамалары арасындағы жолдастық кездесу барысында жалпақ жұртқа жария етілмек. 
Бойтұмардың тұсаукесер рәсімінен кейін оның есіміне байқау жүргізіледі. Бұл шара 26-30 қараша аралығында жүргізіледі. Ұйымдастырушылар бұл мақсатта әлеуметтік желілерде арнайы аккаунт ашылатынын айтып отыр. 
2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2016 жылдың 10 маусым-10 шілде аралығында болады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: