Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық тоғызқұмалақшы өрендер топ жарды

Павлодар қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы көш бастап, облыс қоржынын 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен толтырды. Ел чемпионаты тоғызқұмалақтың классика және блиц түрінен өтті. 

Қызылордалық тоғызқұмалақшы өрендер топ жарды

 

Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Рахметов жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жеңіспен оралды. 
Нәтижесінде классика және блиц бойынша сырдариялық Ақерке Кенжебекова 14 жас қыздар арасында ел чемпионы атанды. Классикадан 10 жас қыздар арасында Аружан Садықбекова және 12 жас қыздар арасында  Жұлдыз Садықбек (екеуі де №2ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленді.  10 жас ұлдар арасында сырдариялық Аманқос Жантөре мен 14 жас аралығында Асылбек Қаржаубаев (№2ОМБЖОРМ) қола жүлдеге қол жеткізді. 
Блиц бойынша 10 жас қыздар арасында сырдариялық Әсем Дәуренбекқызының мерейі үстем болды. 10 жас қыздар арасында Жұлдыз Мұңайтпасова,  12 жас ұлдар арасында Бексайыр Айтмаханов (екеуі де №2 ОМБЖОРМ) және сырдариялық Нұрсұлу Маханова  14 жас қыздар арасында  үшінші орынды еншіледі. Тоғызқұмалақшыларды жарысқа Марат Рахметов, Білімжан Елеусінов, Ғалия Қамбарова және Ақторғын Қошқарова дайындаы. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: