Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақ күресінен ел біріншілігі басталды

Қазақ күресінен ел біріншілігі басталдыЖаңақорған ауданының Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының X чемпионаты, шағын-футболдан жәнн волейболдан облыстық турнир басталды.
Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбай, аудан әкімі Руслан Рүстемов және М.Нәлібаев туыстары атынан Аманкелді Абдуллаев сайысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. 
Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда. Жалпы спорт жарыстарына барлығы 324 спортшы қатысуда.
Сондай-ақ, 18 қазан күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир басталады. Оған Белоруссия, Ресей, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 70-ке жуық палуан бақ сынайды. Жүлде қоры: I,II орындарға жеңіл автокөлік, III орынға ақшалай сыйақы беріледі. Айта кетейік, биылғы түйе палуандар сайысына алғашқы рет 8 мемлекеттен палуандар қатысқалы отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: