«Қайсар» футбол клубының басшылығы Қазақстан Премьер-лигасының 8-туры аясында сәуірдің 19-ы күні өтетін «Ордабасы» - «Қайсар» кездесуіне жанкүйерлерді шақырады.
Шымкент қаласына 19 сәуір күні жол жүру жоспарлануда. Жанкүйерлерге екі автобус бөлінді. Осыған орай, командаға қолдау білдіруге ниеттенген жанкүйерлерді 17 сәуірге (сол күнді қоса есептегенде) дейін тіркелулерін сұраймыз. Тіркелу үшін клубтың баспасөз қызметкері Әзиз Оразбаевқа жеке куәлік немесе паспопртыңыздың көшірмесін өткізулеріңіз керек.
Естеріңізге сала кетейік, жолсапар шығынын «Қайсар» футбол клубы өз мойнына алып отыр. Ал тамақтану жағын жанкүйерлер өз қалтасынан қарастырулары қажет.